Ерлік те, еңбек те ескерусіз қалмайды

(0 Votes)

Әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Нұртаев Ауған соғысына, Тәжік-Ауған шекарасындағы бітімгершілік операцияға қатысушы және Чернобыль атом стансасы апатының зардабын жоюшы ардагерлермен кездесті.

Ауған соғысы ардагерлері аудандық ұйымының төрағасы Серік Мұфтахов әскери борышын абыроймен орындаған ардагерлерге мемлекет, жергілікті әкімдіктер тарапынан материалдық-моральдық жағынан жақсы қолдаулар, түрлі көмектер көрсетіліп отырғанына ризашылығын білдірді.

Атырау облыстық Чернобыль ардагерлері кеңесінің төрағасы Болат Дәулетияров басқа аудандарға қарағанда мұнда чернобылдіктерге көп көңіл бөлініп отырғанын айтты. – Атом алапатымен күрескендер жайлы «Өлі қаланың тірі куәгерлері», «Көрінбейтін соғыстың сарбаздары» атты кітаптар жарық көрді. Екіншісінде құрманғазылық 10 чернобыльшының есімдері бар, алдағы шығатын үшінші кітапқа қалғандарын кіргізсек деп отырмыз, олардың мәліметтерін жинақтауымыз керек. Жарық өткізіп алғандардың зардабы үш ұрпаққа жалғасады дейді, тікелей қатысқандар мен олардың ұрпақтарына түрлі медициналық көмектер жасалуы тиіс. Астана, Алматы қаласындағы госпитальға баруға көпшілігінің жағдайы тартпайды, сондықтан облыс көлемінде емдеу-сауықтыру орындары, ұйым мүшелері жиналатын бөлме ашылса жақсы болар еді, - деді.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521