Ерланда - мемлекеттік марапат

(0 Votes)

Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен мұнайлы аймаққа келіп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты.

Есте қаларлықтай өткен шараны тарихи сәтке балауға болады. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мерекенің маңыздылығы жөнінде ой тарқатып, мемлекетіміздің жеткен игі жетістіктерін тілге тиек етті. Иә, Тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойғы күресінің балдай тәтті жемісі. Көк байрағымызды желбіреткен, Әнұранымыз жүрегімізді елжіреткен азаттық таңы біз үшін алтыннан қымбат, баға жетпес құндылық.

Ұлық мерекеге орай өткен шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев еліміздің дамуына еңбегі сіңген атыраулықтарға бірқатар мемлекеттік марапаттар тапсырып, мерейлерін тасытып, абыройларын асқақтатты. Осы ретте "Құрманғазы" қайырымдылық қорының жетекшісі Ерлан Тарихов ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды. Құрманғазылықтар атынан жерлесімізді қызу құттықтаймыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT