Еркін күрестен еске алу турнирі

(0 Votes)

Аудандық дене шынықтыру және спорт кешенінде ауданда еркін күрес пен тоғызқұмалақтың дамуына үлесін қосқан ардагер спортшы Орынбек Хамитовты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир жалауын көтерді.

Оның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов, ауданның өкілетті органы саласында марқұммен жұмыстас болған, «Қазақстан Мәслихаттарының құрметті депутаты» төсбелгісінің иегері Рифхат Сұлтанияев, мемлекеттік қызметтің ардагері Хамат Ғаббасовтар сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Екі күнге созылатын дүбірлі додаға құрманғазылық балғын боз кілем шеберлерімен бірге Ресей Федерациясының Астархан облысының, Шешенстан және Дағыстан республикаларының, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының, Атырау қаласының жасөспірімдері қатысып, бақтарын сынауда.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT