Еркеназ - мүшайра жеңімпазы

(0 Votes)

Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармонияның ұйымдастыруымен Мемлекеттік сыйлыстың лауреаты, қазақтың көрнекті ақыны, жазушы Жұмекен Нәжімеденовтың 85 жылдығына арналған облыстық жас ақындар мүшайрасы өткен болатын. Оған облыс бойынша 16-29 жас аралығындағы 18 үміткер қатысты.

Сайыс ережесі бойынша Жұмекен Нәжімеденовке арнау мен еркін тақырыпта жазылған өлеңдерін қатысушылар видеомен оқып жолдады.

erkenaz-diplom

Қазылар алқасы төрағасы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау облыстық филиалының басшысы - Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлы; алқа мүшелері: Махамбет сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі – Қарашин Бекет Мұханәліұлы, ақын, IX Халықаралық Шабыт фестивалінің Гран-При иегері, Махамбет сыйлығының иегері - Бақытгүл Бабаш талапкерлердің өнерін саралап, лайықты бағасын берді. Нәтижесінде жүлделі 1 орынды газетіміздің II санатты тілшісі, жас ақын Еркеназ Қалижан қанжығасына байлап, 2 орын Фариза Жетпісбаева (Атырау), 2 орын Асылбек Есжан (Атырау), 3 орын Дина Ізбасарова (Жылыой), 3 орын Асылан Мәтеновке (Қызылқоға) бұйырды. Басқа 6 қатысушы дипломант атанып, 7 қатысушы Алғыс хат еншіледі. Сайыскерлер арнайы диплом мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Редакция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521