Еркінбек екі сөйлемейді

(0 Votes)

Жылына екі рет жүретін мерзімдік басылымдарға жазылу барысында «Серпер» қашанда өзінің айнымас оқырмандары мен елдік істерде аянып қалмайтын жомарт жүрек кәсіпкерлерге көбірек үміт артады.

Газетте жарияланған дәстүрлі оқырмандарға арнауымен қатар, мекеме, кәсіпорын басшыларына, іс басындағы азаматтарға науқанға атсалысу туралы хат жолданады. Бұл бұйымтайымыздың ерте ме, кеш пе, әйтеуір, ыңғайына қарай орындалатынына сеніммен жіберіледі. Әрине, барлығы бірдей емес аяқсыз қалатындары да кездеседі. Дейтұрғанмен меселімізді қайтармайтындардың қатары қалың.

Солардың бірі - орталықтағы «Халу» тұрмыстық техника, үй жиһаздары дүкенінің иесі, белгілі кәсіпкер азамат Еркінбек Халенов. Хатымыз қолына тиген бойда редакциямен хабарласып, қарамағындағылармен қоса аз қамтылған ауылдасты 25 дана «Серперге» жаздыратынын айтты. Екі сөйлемейтін Еркінбек шамалы уақыт өткенде тағы хабарласып уәдесінде тұрғанын айтып, қажет болса әрдайым көмегі дайын екенін қоса жеткізді.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521