"SAMRUK KAZYNA TRUST" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен бастау алған "ЖЕҢІС" жобасының еріктілері, округке қарасты әлеуметтік қызметкер Салтанат Муханова жалғыз басты қарияларға, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, тыл және еңбек ардагерлеріне тәттілер себеттерін таратты.
Қазіргі жас буын осындай игі істерді қолға алып, қартын қадір тұтса, келер ұрпақтың да осы дәстүрді ұстанары анық. Үлкендеріміз жүректеріне жылу мен қуаныш сезімдерін ұялатқан жоба жетекшісі Азамат Абдуллаев пен белсенді жастарымызға риза болып, ақ баталарын беріп, жақсы тілектерін білдірді.