Еріктілер ауызашар берді

(0 Votes)

Еңбекші ауылдық округінің Жұмекен ауылында «Біз біргеміз» еріктілер тобы ерекше балалардың ата-аналарына ауызашар ұйымдастырды.

«Дельфин» кафесіне жиналғандарды «Біз біргеміз» еріктілер тобының жетекшісі Тілекші Аболова құттықтап:

– «Бір құрмамен болса да ауыз аштырыңдар. Алла Тағала сіздерге сауап жазады», деген Пайғамбарымыздың хадисі бар. «Біз біргеміз» еріктілер тобы қасиетті Рамазан айында осындай шара өткізгенді жөн көрдік. Бүгінгі ауызашарымызға ерекше балалардың аналары мен олардың ұстаздары да қатысып отыр. Сонымен қатар, бізді қолдап жүрген аға-апаларымызды да шақырдық. Барлығыңыздың да оразаларыңыз, тілектеріңіз қабыл болсын. Бұрын мұндай шараларды бұрын Атырау қаласында ұйымдастырып жүрдік. Содан кейін: «Неге өзіміздің туған жеріміздің балаларына өткізбейміз», деп ойландық. Осыған дейін ерекше балалар және олардың ата-аналарымен түрлі шаралар ұйымдастырған болатынбыз, – деп қош келдіңін айтты.

Қатысушылардан «Темірәлі» мешітінің діни қызметкері Сабыржан Куликешов, аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Зәмзәгүл Карсакова, аудандық мүгедектерді оңалту орталығы басшысының орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты Әнуарбек Сәбитов, жеке кәсіпкер Самат Айдарәлиев және басқалары, ерекше балалардың аналары мен ұстаздары сөйлеп, көрегенділік танытып жатқан жастарға ризашылығын білдіріп, жақсылықтарың алдарыңыздан шыға берсін деген ізге тілектерін жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT