Ерен еңбек ерлері құрметтелді.

(0 Votes)
Құрманғазы ауылдық округінің Құрылысшылар ауылында құрылыс мекемелерінің құрылғанына 60 жыл толуына орай «Құрылыс саласы – берекелі белесте» атты салтанатты шара өтті.
 
Шараны Болат Бидоллаев пен Диана Ильясова жүргізді. Алдымен жастар арасында арқан тартудан, қой көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Қойды 55 рет көтерген аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Елдос Байдошев жеңімпаз деп танылды. Салтанатты шара аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпазы Елдос Құлшаров оқыған  құрылысшылар монологымен ашылды.
 
Аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов мерейлі мерекемен құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хатымен сала ардагерлері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Елдос Бектеміровті, Ғаділжан Хисамеденовті, облыстық мәслихат төрағасының Алғыс  хатымен Екатерина Ким, Ерлан Қисамеденов, Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының Алғыс хатымен Меллят Зинуллин, Ғаділжан Сәрсенғалиев, Аманбай Жакупов, аудан әкімінің Алғыс хатымен Қабілет Қарекенов, Жұмажан Оқасов, Мұрат Серікбаев, Сембай Таңатаров, Шынарбек Ақылжанов, Ғалым Сұлтанов, Ғалиден Тілеуғалиев, аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен Бақытжамал Мұханова, Ажар Жакупова, Тұрлан Сабиров, Сайын Қабдолов, Мерфайыз Мукушевті марапаттады. 
 
Аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы Людмила Рахметова «Ауданға көрік бергендер» кітабының таныстырылымын жасап, тарауларына жалпы мазмұнына тоқталып өтті. Кітаптың лентасын қию құрметі Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Атырау облысы және Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиев пен сала ардагері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы»  Мәлік Матыбаевқа ұсынылды. Академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиұлы ауданымызда құрылыс саласының қалыптасуы туралы естеліктерімен бөлісіп, әсерлі әңгімелеп, жаңа кітаппен танысқанын жеткізіп, жақсы баға берді. Ауданның құрылыс саласы жақсы кадрлерді дайындап шығарған ұстахана болғанына тоқталып, олардың кейбірі  облыс, аудан әкімдіктерінде басшылық қызметте жасағанын мақтаныш тұтатынын айтты. Құрманғазы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Нұрболат Қайырмеденов  ардагер құрылысшылардың үлкен тобын округ әкімінің Алғыс хатымен және естелік сыйлықтарымен марапаттады. 
 
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Ғайнетов  «Атырау облысының Ардақты ардагері» алтын белгісін  және «Құрылысшылар мекемесінің құрылғанына 60 жыл» мерекелік медалін Елдос Бектеміров, облыстық ардагерлер кеңесінің «Мінсіз қызметі үшін» медалін Мнафих Бектеміров, Марат Рахметов, Мақсот Есімғалиевтің кеудесіне  тақты. «Құрылысшылар мекемесінің құрылғанына 60 жыл» мерекелік медалі мен «Ауданға көрік бергендер» кітабы құрылыс саласында ерен еңбектерімен ерекшеленген  Рауила Дощақова, Мәлік Матыбаев, Ержан Рысқалиев, Талғат Жаудин, Аманжан Такешев, Зибағат Қатимов, Болатбек Мусағалиев, Ғалымжан Мукушевке табыс етілді.
 
Сахна төріне кезекпен шақырылып, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматтары, «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы»  Мәлік Матыбаев, «Қазақстан Республикасының Құрметті жолшысы» атағымен марапатталғандар, «Құрмет» орденінің иегері  Аманжан Такешев, Ержан Рысқалиев, су шаруашылығының ардагері Зибағат Қатимов  тоқсанның үстінде адамды мерекелік медалмен ұлықтады. Сонымен қатар медалдан өмірден өткен құрылысшылардың  ұрпақтары  да шет қалмады.  Ерен еңбек ерлері құрметке бөленген шарада аудан өнерпаздары Нұрдәулет Нұрланов, «Гаухартас» би тобы, «Өнерпаз» ауылдық мәдениет үйінің квартеті, Толыбай Қажыгереев, Болат Күнтуаров өнер көрсетті. Соңында ардагер құрылысшылар атынан  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Елдос Бектеміров сөйлеп, осындай шара ұйымдастырып жатқан аудан әкімдігіне, «Құрманғазы жолдары» ЖШС-іне және басқаларына ризашылығын білдірді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қанат ҒҰМАРОВ
 
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT