Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясының орталық аппаратында салтанатты шара өтті.
Партия төрағасының бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы сөз сөйлеп, партияның жетістіктеріне тоқталды. Одан әрі, мемлекеттік наградалар мен Құрмет грамоталарын 100-ден астам партияластарға табыс етті.
Соның ішінде Nur Otan партиясы Құрманғазы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Өтегенұлы Есенғазиевке "Ерен еңбегі үшін " медальді табыстады.