Аймақта ұлық мерекеге орай өткен салтанатты шарада ауданымыздың құрылыс саласында абыройлы еңбек еткен ардагер, ҚР "Құрметті сәулетші " төсбелгісінің иегері Талғат Хамитұлы Жаудинге ҚР Мемлекеттік наградасы "Ерен еңбегі үшін " медалі табысталды.
1977 жылы ПМК-903 мекемесінде шебер болып жұмысын бастаған ол еңбек жолында түрлі лауазымдық қызметтерді атқарып, 2019 жылы зейнеткерлікке шықты.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан құрылыс саласының ардагерін мемлекеттік наградасымен құттықтаймыз!