Ерекше жанға-ерекше көңіл- күй!

(1 Vote)

Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінде Жаңа жыл мерекесіне орай мазмұнды әрі әсерлі шара ұйымдастырылды. Аталған мерекелік іс-шараны мектептің дефектолог маманы А.Габдулова  мен осы білім ордасының жас ұстаздары бірлесе отырып өткізді.

Шараның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қуаныш сыйлау, олардың көңіл күйін көтеріп, жаңа жылдық мерекенің жылулығын сезіндіру болды. Ұстаздар балаларға арналған қызықты ойындар, көңілді қойылымдар мен түрлі танымдық тапсырмалар дайындап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Мереке барысында балалар ән айтып, би билеп, ертегі кейіпкерлерімен жүздесіп, өз өнерлерін көрсетті. Ал Аяз ата мен Ақшақардың келуі балалардың қуанышын еселей түсті. Шара соңында барлық қатысушыларға жаңа жылдық сыйлықтар таратылып, жылы лебіздер айтылды.

Осындай игі бастамалар балалардың бойында сенім мен қуаныш ұялататыны сөзсіз. Мектеп ұжымы алдағы уақытта да тәрбиелік мәні зор, жүрекке жылу сыйлайтын іс-шараларды жалғастыра бермек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT