Ерекше маңызға ие мереке

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұлттың ұлы көсемі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Еліміздің тарихындағы ерекше маңызға ие мерекеде құттықтау сөзін арнаған аудан әкімі Қайрат Нұртаев Тұңғыш Президет-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрып, дамытудағы даналығы мен көрегендігін, жас мемлекеттің халықаралық аренада ойып тұрып орын алуына қосқан үлесін атап өтті.

img_0249

img_0255

img_0274

 

img_0258

img_0267

Мерейлі мерекеге орай аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және автомобтль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Әжіғалиев «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, Құрманғазы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадірбай Жармұхамбетов Атырау облысының Құрмет грамотасымен, Жаңаталап ауылдық округінің еңбек ардагері Өтепберген Әміров ауыл шаруашылығы қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» медалімен марапатталды. Бір топ мемлекеттік қызметкерлерге, еңбек озаттарына аудан әкімінің Алғыс хаты табысталып, жас мамандар «Нұр Отан» партиясына салтанатты түрде қабылданды.

img_0215

img_0213

Шарада аудандық қоғамдық кеңестің төрғасы Жұмақай Ғұмаров, Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры Алтын Қаменова құттықтау тілектерін білдірді. Орталық алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда «Тілекші» және «Каспий-Балық» ӨК жаңа ауланған балықтарын, «Құрманғазы СДО», «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері ет және құс өнімдерін, А.Хабибуллиннің жеке кәсіпкерлігі нан тағамдарын тұтынушыларға ұсынды.

img_0211

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521