Ерекше балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады

(0 Votes)

Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – бүгінгі жас ұрпақ.

«Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамымыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқаруда. Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Біз біргеміз» еріктілер тобы «Масқар» кафесінде ерекше балаларға арнап дастархан жайды. Оған 30 ерекше бала ата-анасымен бірге қатысты.

Думанды шарада кішкентай көрермендер үшін дайындалған театрландырылған қойылымдар оларды ертегі еліне шақырды. Балалардың жүздеріне күлкі мен шаттық ұялап, ерекше балалар өз өнерлерін көрсетіп, мәре-сәре болды. Аудан өнерпаздары келіп әсем әндерін орындаса, аниматорлар балалардың көңілін көтерді. Өз кезегінде ата-аналар да балаларына арнап думанды кешті өткізуді жыл сайын үрдіске айналдырып, қайырымдылықпен айналысып келе жатқан еріктілер тобына зор ризашылықтарын білдірді. Ортаға дәмді торт әкелініп, тәтілер таратылды. Ата-аналар да қызықты ойындарға қатысып, сыйлыққа ие болды.

Аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының басшысы Рүстем Нәсиболлаев шараны ұйымдастырушы «Біз біргеміз» еріктілер тобының жетекшісі Тілекші Аболоваға алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыстады.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT