Ерекше балаларға қуаныш сыйлады

(0 Votes)

Республика күні қарсаңында «Жанашыр жүрек» акциясы аясында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Жан жылуы» атты мәдени шара өтті.

Оған аталған бөлімнің басшысы Жігер Махмудұлы Жанқанов, аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының директоры Рүстем Болатбекұлы Нәсиболлаев, ерекше балалар мен олардың ата-аналары қатысты. «Қуантсаң баланы қуант», дегендей, мәдени шарада қызмет алушы балаларға сыйлықтар табысталды. Дастан Қамидолла, Бекнұр Қапашев, Айсана Мұстахишева, Елена Қабдоллаева сынды өнерпаздардың орындаған әндері қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында ерекше балалардың ата-аналары ұйымдастырушыларға шынайы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT