Ерекше балаларға арналған кеш

(0 Votes)

Жаңа жыл қарсаңында Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы ерекше балаларға арнап «Бар мейіріміміз балаларға» атты кеш ұйымдастырды. «Көңіл сазы» тойханасында өткен шараға үйден қамтылып отырған 36 бала мен ата-аналары қатысты.

Аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Рүстем  Нәсиболлаев қош келдіңін айтып:

– Өткен жыл біз үшін жақсы болды. Балаларымызға арналған түрлі шараларды өткіздік. Ең бастысы Шырша мерекесіне олардың дені сау, ата-анасы аман, айналасы бүтін болып жеткеніне қуаныштымын. Дерттеріне Алла шипасын берсін, сауығып кетсін. Ата-аналар сіздерде аман жүріңіздер. Осы балалардың қасынан табылып жүрген әріптестеріме, әлеуметтік қызметкерлерге алғысымды айтамын. Жаңа жылға жақсы жетістіктермен, жаңалықтармен келіп жатырмыз. Ең бастысы еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, жылдан-жылға аман-есен жете берейік, – деп бір топ адамға орталықтың Алғыс хатын табыс етті.

Кешке демеушілік жасаған «Көңіл сазы» тойханасының басшысы Меңді Қиматова, «Тойбастар» иесі Нұржанат, «Айзере» шағын маркеті, «Ахат», «Самира» дүкендеріне, «Бақтылы нан» басшысы Бақтылы Махмудова, «Айша» асханасына, «Достар» кафесіне, жеке кәсіпкерлер «Алтынгүл», «Хибаят», Самат Айдарәлиев, Ерлан Нұрбаев, «Алтын массаж», «Гүлназ Хиджма», «Халу», «Қайсағалиев А», осындай шараны жүргізуге көмек беруден бас тартпайтын Ералхан Асылханұлына ризашылығын білдірді.

Шара барысында ортаға Аяз ата мен Ақшақар шақырылып, ерекше балалар әсем безендірілген шыршаны айнала би билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарға ие болды.

Аниматорлар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Барлық балаларға орталық атынан сый-сияпаттар үлестіріліп, 10 және 25 мыңдық сертификаттар табыс етілді.

Бас жүлдеге әсел пеш тігілген және одан өзге де ұтыстары бар лотерея ойнатылып, жеңімпаздар анықталды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT