Еріктілер тазалық акциясына үлес қосты

(0 Votes)

«Өңір келбеті-тазалықта»!

Қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, жасыл желектің көркеюіне үлес қосып, табиғат ресурстарын сақтап қалуды мақсат еткен құрманғазылық еріктілер тазалық акциясын ұйымдастырды. Шарон, Ухов өздерінің жағалауы тұрғындардың жазғы мезгілде жиі тынығатын орындарына айналған. Өкінішке қарай, демалыс мекендерін тынығып болған соң ластап кететіндер азаймай тұр.

Қоқыстың көп бөлігі - пластикалық бөтелкелер мен шыны ыдыстар. Экологиялық жағдайды жақсартуды ойлаған белсенді жастар жаға бойын, орман ішін қалдықтардан тазартуға бір кісідей жұмыла кірісті. Акция соңында "Сіз бен біз бұл жерде әлі де демаламыз. Қоқысыңызды жинауды ұмытпаңыз" деп жазылған ескерту тақтайшаларын орнатты.

Ақмоншақ Төреханқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521