Құрметті Құрманғазы ауданының тұрғындары!
«Атырау Жарық» АҚ ағымдағы жылдың 4 желтоқсанынан бастап «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС электр станцияларында өндірудің жеткіліксіз болуына байланысты Қазақстанның Батыс өңірінің энергетика жүйесінде электр қуатының тапшылығы орын алғанын хабарлайды.
Пайда болған тапшылық «KEGOC» АҚ «Орал-Атырау» транзитінің 220 кВ әуе электр беру желісі арқылы Ресейден электр энергиясын алу жолымен жойылады. Бұл өз кезегінде ең жоғары транзиттік өткізу қабілеті жоғары сағаттарда аса үлкен жүйе апатына және тұтынушыларды айтарлықтай шектеуге және ажыратуға әкелуі мүмкін.
Бұған жол бермеу үшін Жүйелік оператордың бұйрығымен «Ганюшкино» және «Шортанбай» қосалқы станцияларының жүктемесі РФ «Астраханэнерго» желілерінен 110 кВ Л-441 әуе желісіне беріледі. Жүктемені беру тек аталған қосалқы станцияларды қысқа мерзімді өшіру арқылы мүмкін болады. Сол себепті жарықтың өшуі орын алып отыр.
«Атырау Жарық» АҚ электр стансаларының жұмысы қалыпқа келгенше қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.
«Атырау Жарық» АҚ Құрманғазы аудандық электр жүйесі