Атырау қаласындағы NIS оқытушылары «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында облыстың Құрманғазы ауданы, Сафонов ауылындағы Қадыр Мырза Али атындағы орта мектеп ұстаздарына тәжірибе таратуды жалғастыруда.
Бұл жолы географтар мен траихшылар, сондай-ақ, тіл мамандары NIS ұстаздары әзірлеген «Литосфералық катаклизмдер кезіндегі қауіпсіздік шаралары», «Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді?», «Дүниежүзі елдері типологиясындағы Қазақстанның орны», «Особенность и самобытность казахских национальных игр» тақырыптарындағы сабақтарға қатысты.
– Әріптестеріміздің өз сабақтарында пайдаланған әдіс-тәсілдері арқасында бағалау жүйесі туралы көп нәрсе үйреніп, түйіп, өзіме керегін түртіп алдым. Оқушылардың топтық жұмыс кезіндегі сөйлеу мәнері, нақты жауап берулері, топқа бөліну әдістері ерекше ұнады. Енді өз мектебіме де бұл тәжірибені арқалай барып, өзге ұстаздарға шеберлік дәрістер арқылы түсіндіретін боламын, – дейді Сафон ауылындағы Қадыр Мырза Али жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Әлия Бекқалиева.