Еңбектің еленгені жақсы

(0 Votes)

Өмір мен өлім үстіндегі адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созуға дайын ақ халатты абзал жандар қандай құрметке де лайық.

Медицина қызметкерелерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов алғыс арқалаған кәсіп иелеріне құттықтау сөзін арнап, сала үздіктерін марапаттады. «Алтын дәрігер» төсбелгісін травматолог дәрігер Рахметолла Нысановқа, кардиоревматолог дәрігер Нұрлы Юсуповаға, Балқұдық, Жыланды дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігерлері Сара Мұханалиеваға, Бибігүл Мұрзағаливаның, «Мамандығына адалдығы үшін» төсбелгісін акушер гинеколог дәрігер Лиза Шайхимоваға, перзентхананың акушері Хамия Ғилажеваға, бас мейірбике Ханафия Нұрлыбаеваға, аға мейірбике Халеноваға табыстады.

Сонымен бірге, бірқатар ақ халатты абзал жандарды облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева, аудандық аурухананың бас дәрігері міндетін атқарушы Саида Зұлхашева кәсіби мерекемен құттықтап, аудандық мәслихаттың, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, салалық кәсіподақтың, аудандық аурухана директорының Алғыс хаттарымен ұлығылады.

Шара соңында ардагер дәрігер Төлеген Нұғыманов ізбасар әріптестерін мерейлі мерекеен құттықтап, жемісті еңбек тіледі. «Қай еңбектің еленгені жақсы ғой» деп, медицина қызметкерлеріне осындай құрмет көрсетіп жатқандарға рахметін жаудырды.

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT