Еңбекші жалпы орта мектебі кітапханасында ұстаздар мен білім алушыларға "Жаңа кітаптар"таныстырылымы өтті.
Кітапхана қорын толтырған көркем әдебиеттерге мектеп кітапханашысы Иманкулова Айнагүл қысқаша шолу жасады. Жаңа кітаптар қатарында Ж.Нәжімеденовтың, О.Бөкейдің, С.Мұратбектің, Т.Нұрмағамбетовтың,тағы басқа ақын-жазушылардың шығармалары бар.
Шараның мақсаты оқырмандардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту.
Ұстаздар мен білім алушылар оқуға кітаптар жаздырып алды.