Еңбек еткеннің еңсесі биік

(0 Votes)

Бақытын еңбектен тапқан жандардың бұл қоғамнан алатын орны да ерекше. Жалпы барлық саланы ұршықша иіретін епті адамы болады. Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» тойланады.

Міне, сол атаулы күннің қарсаңында бізде нәсібін кәсіптен тапқан қоғамдағы қарапайым еңбек адамдарын ұлығылауды жөн көрдік. Ертеден өзінің өміршеңдігін жоймай келе жатқан мамандықтың бірі – тігіншілік. Мұны біреу өнер десе, енді бірі шығармашылық жұмыс ретінде қарайды. Екеуіне де келісуге болады. Себебі, тігін тігу үшін де ептілік, еңбекқорлық, шеберлік, шыдам керек. Қарапайым ғана мысал, түймең түсіп қалса, оны кез келген адам ине мен жіпті сабақтап, іле салады. Бірақ нағыз маманның қолынан шыққан дүние бәрібір көзге әдемі көрініп тұрады. Елді батыс дәуірі жаулаған тұста дәл осындай құрақ құрау өнерін көздің қарашығындай сақтап, сан түрлі құрақты көпшілікке паш етіп өзінің нағыз еңбекқорлығымен танылып жүрген жастарымызға тамсанбасқа болмайды. Солардың бірі – Құрманғазы ауылының тұрғыны Рита Сахбалиева. Ол «бұл өнерді таңдауыма басты себеп – кейінгі буынға құрақ құрауды үйрету, табыс ету» - дейді.

- 2020 жылы өзімнің қызығушылығыммен Атырау қаласынан екі айлық тігін курсын оқып келдім. 2022 жылдың аяғында аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы берілетін қайтарымсыз грантты иеленіп, кәсібімді бастап кеттім. Тігін бағытында үздіксіз ізденіп, шынында осы өнер жаныма жақын екенін түсіндім және бүгінде жаныммен беріліп жақсы көріп жасайтын кәсібіме айналды. 2021 жылы 2,5 млн. теңгенің грантын ұтып, кәсібімді кеңейтіп, екі тігіншіні жұмыспен қамтыдым. Қазір тұтынушыларымның сұарныстарына орай терезе жабындыларын, қыз жасаулары, құрақ көрпелер дайындаумен айналысамыз – дейді қолөнерші.

Рита Ғидажқызы соның ішінде құрақ құрау тұнып тұрған есеп екенін айтады. – Құрақ құрау төзімділікті, қырағылық пен еңбекқорлықты талап етеді. Бұл идеялар алдымен өз халқымның тарихын, шежіресін, салт-дәстүрін еске салады, - дейді.

#EnbekEri 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT