Ардагер – ардақты, қадірлі деген мағынаны білдіреді. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген, беделі асқақ адамды халық «ардагер» деп жоғары бағалайды.
Қоғамда ерекше істерімен ақыл-парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен елге танылған Ержан Ғайнетұлы осындай атқа лайық тұлға.
М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде сәуірдің 13- күні 7-сынып оқушылары жетекшілерімен бірге қаржы саласының ардагері, 1992-2014 жылдары Халық Банкі АҚ Құрманғазы аудандық басқармасының бастығы қызметін атқарған Ғайнетов Ержан Ғайнетұлымен кездесу ұйымдастырып, сыр- сұхбат жүргізді.
Кездесудің мақсаты: ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету, қарияларды сыйлауға, құрметтеуге, үлкендердің батасын, ананың алғысын ала білуге баулу.
«Батаменен ел көгерер» демекші ардагер ағамыз ақ батасын беріп, жастар алғыс алды. Кездесу кешіміз жас буынның санасына рухани азық болды. Тәуелсіз Еліміз үшін аянбай тер төккен Еңбек ардагерлері, қазыналы қарияларымыз аман жүрсін!
М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие орталығы