"Еңбек ардагері " медалімен ұлығыланды

(0 Votes)

Ғажайып дүние сырын ұқтырып, білім берген, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған Ұстаздарымызға мәңгі тағзым болмақ...

Биылғы жылы «Мұғалімдер күні» мерекесінде Құрманғазы ауданының білім беру саласында және басқа да басшылық орындарда қызмет атқарған, ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен мұғалім Құмарғалиева Орынша Қапанқызы Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Құрметті Орынша Қапанқызын еңбек жетістігі арқылы алған медалімен Құрманғазы ауылдық округінің әкімшілігі шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасы амандығын, ұрпақ қызығын көруді, әлі де қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, тәрбиеніңң мәйегі, елге деген сүйспеншілікті насихаттауда еңбегіңіз елене беруге тілектестігімізді білдіреміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT