Еңбек адамына құрмет көрсетілді

(0 Votes)

Жаңаталап ауылдық клуб ұжымы ұйымдастыруымен "Еңбек күніне" орай, ауылымызда түйе шаруашылығымен айналысып отырған Қалиева Тұрсын Ғазизқызымен жүздесіп, ауыл әкімі С.Бралиев пен ауылдық клуб меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы Б.Ғинаятұлының алғыс хаты және сыйлығы табыс етілді.

Қалиева Тұрсын Ғазизқызы - 1 қаңтар 1965 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Қарағайлы ауылында туған. 1973 жылы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 1 сыныбына барып, 1983 жылы орта мектепті бітіріп шығып, өз жүрек қалауымен совхоз өндірістігіне қалуға тілек білдіріп, 1983 жылдың 1 маусымынан күз айына дейін "Киров" атындағы совхоздың нөмірі 4 бригадасында түйе бақташысы болып еңбек етеді.

1984 жылы Киров селолық советіне депутат болып сайланады. 1985 жылдан совет мүшелігіне, 1987 жылы аудандық советінің депутаты болып сайланады. 1983 жылдың 1 шілдесінен 1989 жылдың сәуір айына дейін көмекші түйе бақташысы болып, 1989 жылдың 1 мамырынан бастап аға түйе бақташысы болып жұмыс атқарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT