Аймақ басшысы сапарын Еңбекші дәрігерлік емханасынан бастады

(0 Votes)

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы Өмірзақ Зинуллин, бір топ басқарма, департамент басшыларымен бірге ауданымызда болды.

Аймақ басшысы сапарын Еңбекші дәрігерлік емханасынан бастады. Бұл емхана 1988 жылы салыныпты, 2004 жылдан бастап аудандық орталық аурухананың теңгерімінде. 2006 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Стандартқа сай келмейтін, кәріз жүйесі жоқ, іші тар емдеу орнында 1 дәрігер 5 орта буын медицина қызметкері жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетіп отыр. Сол себепті төрт елді мекен қарайтын, үш мыңның үстінде халқы бар округке жаңа емхана салу қажеттігі туындауда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Байтолла Ғазизов алға қарай ауылда 25 орындық емхана салу жоспарлануда екенін жеткізді.

img_9690

img_9695

Облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов ғимаратты аралап шықты. Жаңа емхана құрылысын жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асыруға қатысты ұсынысқа пікірін білдіріп: – Ол біз үшін тиімді емес деп есептеймін. Кәсіпкерлер оған 12 млрд. теңге жұмсаса бізден 25 млрд. етіп қайтарады. Одан да жобасын жасап өзіміз салғанымыз әлдеқайда тиімді. Сонда 25 орындық емхана арзанға шығады, - деді.

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521