Емхана ескіріп тұр

(1 Vote)

Еңбекші ауылдық округіне барған аудан әкімі М.Мурзиев аралауды Дәулеткерей ауылындағы Атырау облыстық өкпе аурулар санаториясынан бастады.

Қазіргі таңда мұнда мекемені балансқа алу мәселесі шешімін таппай отыр. Жұмекен су тазарту имаратындағы сүзгі құрылғылары ауыстыруды қажет етеді. Күні бүгін оған қаржы бөлініп, конкурсы ұйымдастырылуда. Аудан басшысы бұл жұмысты назарда ұстауды орынбасары Ж.Хасановқа, округ әкімі Р.Әмірхановқа тапсырды.

ebekshi2

Еңбекшідегі ет кешенінде бас сұққан М.Мурзиев басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Бержан Кенжебаевтан жұмыс барысы, өнім сапасы жөнінде сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды. Мұнда 2-3 жұмысшы фарш, филе дайындап жатса, енді бірнешеуі сиыр денесін бөлшектеп жатты. Кешен 26 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Тозығы жеткен Жұмекен дәрігерлік амбулаториясы жаңа ғимарат салуды, Еңбекші жалпы орта мектебінде оқушы санының көптігіне орай қайта жаңғыртуды қажет етілетіні жөнінде түйткілді мәселелер ортаға салынды. Бұдан кейін аудан басшысы «Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы, Жұмекен пошта бөлімшесі, Еңбекші ауылдық клубы, Ж.Нәжімеденов атындағы саябақ, ауылдық округ әкімі аппаратын аралады. Жалпы, ауылдық округ бойынша шешімін табуды қажет ететін проблемалық мәселелерге тоқталсақ, Жұмекен, Дәулеткерей, Кадырка ауылдарының көшелеріне тас жол төсеу қажет етіледі. Қазіргі уақытта ұзындығы 5630 метр болатын жерге ауылішілік жол төсеуге ұсыныс берілген. Ауылдық округ аумағында зираттарды қоршау мәселесі – жергілікті тұрғындардың өтініші. Күні бүгін Кадырка ауылындағы зиратты қоршау жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақтауға бюджеттік өтінім берілді. Сурхан және Қадыр өзеніне түп тереңдету жұмыстарын жүргізіп, Мальцев учаскесіндегі Шарон өзеніне қосу қажет. Бұл жөнінде ұзындығы 43 шақырымды құрайтын өзекті тереңдетуге ұсыныс берілген, қазіргі уақытта жобалау жұмысы басталып кетті.

ebekshi

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521