Елжіресін, жүректер!

(0 Votes)

Қазағымның әйел – ана, аруларына!

Күннің нұры алабөтен елжіреп,

Көгімізде орамал – бұлт желбіреп.

Әйел – ару мерекесі ғажайып,

Алабөтен желпіп салды, елді леп.

Ортақ болдым жыр-шашумен тойыңа,

Ғажап күшің ой салумен ойыма.

Отбасының ортағы үшін өлермен,

Кім бар екен, өздеріңдей мойымас.

Зыр жүгірдің бала деумен, ер деумен,

Пейіл тұр ғой, ақ сүт тұр ғой, кеудеңде!

Бір қолыңмен таңға бесік тербесең,

Ал, бір қолың тыныш күнді тербеуде.

Жүрдім – бардым тыңдауменен сөзіңді,

Кейде орынсыз кіналадық өзіңді.

Жанұшырдың жан қиналып жатқанға,

Қайдан, қалай, алдыңдар бұл, төзімді.

Сендер, сендер, таусылмайтын бақ-қуат,

Сенде ырыс, сарқылмайтын ақ суат.

Өздерің ғой, кең дүниенің қызуы,

Күнмен бірге мерейленген ақ шуақ.

Ұрпақ – орман, көктеп өсіп, толғаның,

Толғаныңабойыңда бар мол жалын.

Елге тірек дейді ғой біз ерлерді,

Тірек болсақ сендер сүйеу болғаның.

Сен қымтайсың тартқан болса, бой ызғар,

Отбасының тірлігі ылғи – ойыңда.

Жүрек – безбен өлшеп көрші жүктерін,

Сүйрей алып кетер ме екен, пойыздар.

Сендер барда, біз қанатсыз ұштық көп,

Ақымақтар майданына түстік дөп.

Жетпейді ғой, сендер сыйлар көңілге,

Сөгілгенмен асау арна быт-шыт боп.

Сақта дәйім, шырқал мәңгі қосақ ән,

Ренжітпей мейірімді тос оған.

Әйел деген байтақ Отан оты да,

Әрбір үйге аттар алтын босағаң.

Босағамыз аман болсын ерлерім,

Аман болсын, құдай қосқан теңдерің.

Мерекесі, келді әйел, қыз, ананың,

Өз үйіңде сұлу әйел, ең керім!

Қабыл болсын, оларға айтқан тілектер,

Біз – түздеміз, үйді өздері реттер.

Бізден бұрын тебіренді кең дүние,

Ендеше ерлер, елжіресін жүректер!

Таңатар Дәрелұлы,

Құрманғазы ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521