«Елордамыз – еліміздің жүрегі»

(0 Votes)

Осындай тақырыппен С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйі алдында ел астанасы күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды.

img-20210705-wa0036

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алудың талаптары мен шектеулеріне орай концертті әлеуметтік желілер арқылы таратудың да мүмкіндігі қарастырылды.

img-20210705-wa0035

Жиналғандар алдында құттықтау сөзін арнаған аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев «Халық» қайырымдылық қорының «Ел тірегі - Елбасы» атты марафоны аясында аудандағы аз қамтылған 148 отбасына қайырымдылық себеттері табысталу үстінде екенін айта келіп, шараға қатысып отырған бірқатарына сертификаттарын табыстады.

img-20210705-wa0033

Көмек алғандар атынан ауыл тұрғыны Гүлсім Сұлтанова қайырымдылық марафонын ұйымдастырғандарға ризашылығын білдірді. Елорда күніне арналған мерекелік шарада аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты.

А.МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT