Елорда күніне орай ауданымыздағы "Темірлан" сауда үйінде "Alser kz." компаниясының бөлшек сауда дүкені ашылды.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміров, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі А.Муса, Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Н.Төлепов, компания басшылары мен өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.
Мұнда келушілерге көптеген тиімді жеңілдіктер бар.
Дүкенде Apple, Samsung, Intel, LG, Microsoft, Canon, SONY, Acer, HP, Philips, Panasonic, BOSCH тәрізді өнімдер ұсынылған.
Сонымен қатар, сандық технологияның ең жаңа үлгілерін, ең сәнді гаджеттерді, электрониканың инновациялық өнімдерін осы жерден таба аласыз. Бұл құрманғазылықтар үшін жағымды жаңалық болғаны анық. Енді әр тұрғын тұрмыстық техника аламын деп қалаға сабылмай, аудан орталығында ашылған еліміздегі ең ірі сауда маркасының бірі "Alser kz." дүкендер желісінен өзіне қажеттісін таңдап алуға мүмкіндігі бар.
А.Шакупова