Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сын сәттерінде өзінің терең тарихы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары сақталып, Тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы елі мен жері, көгінде желбіреген байрағы мен әуелеген әнұраны бар мемлекет ретінде әлемдік саяси аренада ойып тұрып орнын алды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өз шекарасын шегендеп, аса маңызды мәселеге нүкте қойды.
Осынау жетістіктердің барлығы да Республика күнінен бастауын алады. Қадірлі жерлестер!
Айтулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!
Ізгі ниетпен, Абат Жанғалиев!