Елімізде тыныштық болсын!

(0 Votes)

Құрметті Құрманғазылықтар! Сіздерді келе жатырған Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен жыл өркенді істерімен есте қалды. Алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылу мақсатында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы маңызды мәселелерді кезең-кезеңмен шешіп, бәсекелі ортаға бет түзедік. Ең бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін. Бұл татулықты ту етіп, ынтымағы жарасқан халқымыздың тынымсыз ерен еңбегінің жемісі.

Жыл соңында барша адамзат өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Сондықтан бәріміз ортақ игілікке қызмет етіп, ел мәртебесін көтеруде күш-қуатымыздың арта берсін демекпін.

Жанұяларыңызда жарастық, құт-береке, елімізде өрлеу, іргемізде тыныштық болсын!

Ізгі тілекпен Қ.Нұртаев,

Құрманғазы ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521