Елімізде бала күтіміне байланысты жәрдемақыны 3 жасқа дейін төлеу ұсынылды

(0 Votes)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала үш жасқа толғанға дейін төлеуді ұсынды.

Бұл туралы ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз еңбек министрлігінде бала күтіміне байланысты жәрдемақыны көтеру туралы бастама көтергіміз келеді. Қазір ол бала бір жасқа толғанға дейін төленеді. Енді біз оны бір жарым жасқа немесе үш жасқа дейін ұзартуды қарастырып отырмыз, тиісті есептеулер жүргізіп жатырмыз. Бұл қисынды болар еді", - деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, қазір республикада 387 мың ана бала күтімі бойынша жәрдемақы алады. Олардың басым бөлігі - әлеуметтік сақтандыру қорынан.

"Яғни жұмыс істемейтін аналар бюджеттен бір жыл бойы ай сайын 15 мыңнан 24 мың теңгеге дейін жәрдемақы алады. Ал әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін әйелдер алады. Олардың жәрдемақысы өз жалақысының 40 проценті шамасында. Сондықтан біз осы мәселелерді қарастырып, бастама көтергіміз келеді", - деді Нұрымбетов.

turkystan.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21