Елімізде азық-түлік бағасы бір жылда 9,2 пайызға қымбаттады

(0 Votes)

Қазақстанда 1 жылдың ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 9,2 пайызға қымбаттады.

Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2020 жылғы қаңтар 2019 жылғы қаңтарға) 9,2 пайыз өсті. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, жемістер мен көкөністер, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады. Ал қант арзандады. 2020 жылғы қаңтарда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа баға келісіне 319 теңгені (2019 жылғы қаңтарда – 246 теңге), сұлы жармасына – 351 теңгені (327 теңге), сөкке – 375 теңгені (241 теңге), күрішке 378 теңгені (317 теңге) құрады», -делінген комитет ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы қаңтарда келісіне 188 теңгеге жетсе, 2019 жылғы қаңтарда 240 теңге болған еді.

2020 жылғы қаңтарда ет және ет өнімдерінен сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне орташа баға келісіне 1815 теңгені (2019 жылғы қаңтарда – 1560 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1719 теңгені (1464 теңге), сүйегі бар жылқы етіне – 2039 теңгені (1766 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1467 теңгені (1320 теңге), шала ысталған шұжыққа – 2172 теңгені (2030 теңге), тауықтың сан етіне – 833 теңгені (750 теңге) құрады.

 inform.kz 

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика