«Елімді сүйген жүрекпен...»

(1 Vote)

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Елімді сүйген жүрекпен...» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқау ауған соғысы жайлы бейнероликпен басталды.

Бұл байқаудың ерекшелігі әр қатысушы сахнаға шығып ән орындағаннан кейін, жүргізуші қазылар алқасы құрамынан пікір сұрап, қатысушыларға сауал қойды. Бұл тәсіл көрермен қауымның да көңілінен шықты.

Нәтижесінде І орынды З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатынан келген К.Қаденова иеленсе, ІІ орын Нұржау ауылдық округінен Б.Ділмағанбет, ІІІ орын Жаңаталап ауылдық округінен Н.Насиполлаевқа тиесілі болды.

Сонымен қатар, байқауға қатысып, өз өнерлерін ортаға салған Асан ауылдық округінен С,Баймұханова, Бірлік ауылдық округінен Ж.Құмарғалиева, Теңіз ауылдық округінен А.Өмірболатова және Абай жалпы орта мектебінен Е.Зинетуллин алғыс хатпен марапатталды.

Гүлбақыт Ермұратова,

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521