Елеусінов бірде-бір рет жеңілмеген боксшымен жекпе-жек өткізеді

(0 Votes)

Рио Олимпиадасының жеңімпазы 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалық Решард Хиксонға қарсы жекпе-жек өткізеді. Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы кездесудің анонсын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу 13 қыркүйек күні Нью-Йорк қаласындағы "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында өтеді. Жекпе-жек 9 раундтан тұрады.

Данияр Елеусіновтің қарсыласы – 34 жастағы америкалық боксшы Решард Хикс. 13 қыркүйек күні "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында өтетін бокс кешінің ең басты жекпе-жегі – америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаевтың арасында өтеді.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық былғары қолғап шебері осы жылдың мамыр айында төрешілердің шешімімен чилилік Лус Норамбуэнды жеңген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521