Электронды үкіметтің тиімділігі зор

(0 Votes)

Электронды үкімет порталы – ақпараттық технологиялар көмегімен мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Ол арқылы коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге немесе қажетті анықтаманы 10-15 минут ішінде алуға, күн-түн демей кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекен жай анықтамасын ұялы телефон арқылы алдыртуға және басқа да жұмыстарды жасауға болады. Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм, әділет, ішкі істер, әлеуметтік қорғау, сот, салық және адам өміріне қатысты өзге де салалар бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде 2000-нан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі.

2015 жылдың аяғында республикада «Электронды үкімет» порталы арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелу мүмкіндігі қолданысқа енгізілді. 2017 жылдан бастап онлайн режимінде уақытша болатын орны бойынша тіркелу мүмкін болды. Өткен жылдың 9 айында құжаттарды ұсынбай-ақ жаңа форматтағы «электрондық үкімет» порталы арқылы 47,5 мың адам, оның ішінде 29,7 мың адам тұрғылықты және 17,7 адам уақытша болатын жерлері бойынша тіркелген.

А.Дощанова,

Құрманғазы аудандық полиция бөлімі көші-қон бөлімшесінің аға инспекторы,

полиция майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521