Электронды үй кітапшасы

(0 Votes)

Елімізде электронды үй кітапшасын жасақтау процесі бастау алды.

Бұл кез келген азаматтың пәтерінде немесе үйінде қанша адамның тіркелгендігін білуге мүмкіндік береді. Үй кітапшалары қолданыстан шығарылғаннан кейін кейбір мүмкіндіктер жойылды. Атап айтқанда, пәтер иелері «өз мекен жайында қанша адам тіркелгендігін қайдан алуға болады?» деген сұрақтар төңірегінде жауап іздейтін. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін электронды кітапшаны енгізу жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ, коммуналдық және өзге де мекемелердің әкімдіктер арқылы осы жүйеден мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Осы орайда, назар аударатын басты мәселе: әрбір тұрғын үйде мекен жайды тіркеу коды болуы қажет.

Электронды үй кітапшаларына дұрыс мәлімет енгізілуін қамтамасыз ету үшін жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан Құрманғазы аудандық көші-қон қызметі бөлімшесінің халықты құжаттандыру және тіркеу қызметіне меншік иесі өзінің және отбасы мүшелерінің құжаттарымен (түпнұсқа) келіп, тіркеу кодының бар екендігіне көз жеткізуі керек. Жекеленген жағдайда адам тіркелгенімен, оны жүйеге енгізу мүмкін болмай қалатын жайттар кездеседі. Сонымен қатар, адамдарды тұрақты немесе уақытша тіркеу, сондай-ақ, құжаттандыру жұмыстары мекен жай тіркеу коды болған жағдайда жүзеге асырылатындығын, электронды үй кітапшасы осы жылы іске қосылатындығын аудан тұрғындарының назарына береміз.

А.Сабирова,

АІІБ КҚҚБ бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521