Электронды арба табыстады

(0 Votes)

Енді Айжан электронды кресло-арбамен қозғалады. Мұндай ерекше жандарға арналған жеңіл басқару аппараты аудан бойынша тек екеу.

Соның бірі ІІ-топтың мүгедегі Айжан Қайыроваға бұйырды. Ал оны, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Рүстем Нәсиболлаев жанындағы мамандарымен бірге келіп, арнайы табыстады. Олар Айжан Қайратқызын кресло-арбаға отырғызып, оған пайдалану нұсқаулығымен таныстырды.

2057ddb9-5755-4c62-9a4c-13dd99940402

Ескі арбаның дөңгелегін қолмен қозғап шаршаған Айжанның қуанышында шек болмай, арнайы түймелер арқылы жүретін арбасын оп-оңай басқарып кетті. Ал, үй иесі, аудандық соқырлар қоғамының төрағасы Қайрат Қайыров, мемлекет тарапынан қызына көрсетілген мұндай көмекке алғысын айтып, мұқтаждың жоғын толтырған Рүстем Нәсиболлаев пен оның қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521