Республика күні алғаш рет мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланғаны есімде. Өйткені 1990 жылдың дәл осы күні еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданған болатын.
Бұл мереке 2009 жылға дейін дәстүрлі тойланып келді. Енді міне, республика күні мемлекеттік мәртебеге қайтадан ие болып отыр. "Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» деген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда бұл күнге ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.
Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналды. Осы заңға сәйкес 25 қазан - Республика күні мемлекеттік мереке болып бекітіледі. Бұл - тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізетін болады.
Асқар ҒҰМАРОВ,
ардагер журналис