Құрманғазы ауданында 2022 жылдың 5 наурызы сағат 04:00 дер шамасында ауа-райының қолайсыздық салдарынан (қатты жел, жаңбыр аралас боран 22-23м/с) ауылдық округтердегі (Құрманғазы, Орлы, Шортанбай, Нұржау, Жаңаталап, Қиғаш, Бірлік, Мақаш, Ақкөл, Дыңғызыл, Теңіз, Сафон, Байда, Коптоғай, Еңбекші, Кудряшов) электр желілері үзіліп, бағаналар құлап, ток көзі және байланыс желілері істен шықты (Күні бүгін аудан көлеміндегі электр жарығы жоқ медициналық және өзге де мекемелер уақытша дизель генераторларымен жұмыс жасауда).
Аудан бойынша электр желілерінің 22 метрлік 35 кВТ-1дана, сонымен қатар, күні бүгінгі есеп байынша 11 метрлік 10КВТ 400 данаға жуық және 22 метрлік 10КВТ 6 дана электр бағаналары құлағаны анықталып отыр.
Күні бүгін, Құрманғазы, Байда, Орлы, Шортанбай, Дынғызыл, Қиғаш, Сүйіндік, Асан, Азғыр, Нұржау, Жаңаталап, Теңіз, Кудряшов, Енбекші, Мақаш, Сафон, Ақкөл округтеріне, ток көзі берілді. Аудан бойынша 10890 абонент ток көзінен ажыратылса, қазіргі уақытта 9500 абонентке қайта ток көзі берілді. Енді қалғаны –1390 абонент.
Қазіргі уақытта аталмыш жағдайды қалыпқа келтіру үшін «Атырау Жарық» АҚ – ның 9 бригадасы (56 адам, 20 техника) жұмыс жасауда.
(Көптоғай округіне-1 бригада, 6 адам, 4 техника; Бірлік округіне-3 бригада,14 адам, 3 техника;
Қалған 5 бригада 30 адам 11 техника электр қуаты берілген ауылдардың ток көзі берілмей қалған шағын елді мекендердің, тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың электр желілерін қалыпқа келтіру жұмыстарын жасауда. Сонымен қатар, 2 бригада, 6 адам, 2 техника кезекшілік жұмыстарын жүргізуде).
10 наурыз күні түнгі сағат 03:00-де Бірлік ауылына жарық берілді. Теңіз ауылдық округіне қарасты Құмарғали ауылына түгелдей, Жасталап ауылына жартылай жарық қосылды. Кеше Орлы ауылдық округіне қарасты Алтыншы ауыл және Қамыш елді мекендердегі 50 үй жарық көзіне қосылды.
Күні бүгін Көптоғай ауылында құлап жатқан 27 соқа және Жасталап ауылында 14 соқа жөнге келтірілуде. Қызылоба ауылында күні бүгін 1 техника 6 қызметкер жұмыс жасауда, кешке дейін жарық беріледі. Қазіргі Нұржау ауылына қарасты Жаңа ауыл елді мекеніндегі 25 үйге жарық берілді.