Аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы Гүлсара Қайыленова өз таңдауын жасап, бұл саяси додаға деген пікірін білдірді.
- Тәуелсіз Қазақстанымдай даму жолына түскен елде сайлау науқанына ерекше мән беріп, оған белсенді түрде қатысу керек деп ойлаймын. Неге десеңіз, туған өлкеңнің алдыңғы қатардан көрінуі тікелей өзінің таңдауына, азаматтық позициясына байланысты екенін жете түсінуі қажет. Алдағы жылдардағы мемлекетіміздің қоғамдық, саяси дамуы сіз бен біздің салмақты таңдауымызға байланысты,-деп түйіндеді өз сөзін Гүлсара ханым.