Елдегі ең қолжетімді көліктер тізімі жарияланды

(0 Votes)

Елдегі ең қолжетімді жеңіл көліктердің ондығына тек отандық зауыттардан шыққан темір, тұлпарлар енген.

«ҚазАвтоӨндіріс» одағы автокөлік нарығының баға динамикасына қатысты статистикамен бөлісті. Автокөлік саласындағы одақтың мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар былтыр жалпы 654 млрд 300 млн теңгеге 71 мың 417 жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөлік сатып алған. «Сатып алынған автокөліктің әрқайсысының орташа құны 8 млн 900 мың теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 5,7% артық. Импорттық автокөліктің орташа бағасы шамамен 10 млн 900 мың теңгені құрап отыр. 2019 жылдың қорытындысы бойынша сатып алушылардың 27%, құны 5 миллион теңгеден аспайтын автокөлікті иеленген. Сол секілді сатып алушылардың 15,8% 7-ден 10 млн теңгеге дейінгі автокөлікті таңдаған», - деп хабарлайды «ҚазАвтоӨндіріс» одағы.

Сонымен қатар бизнес-класс пен премиум-класс сегментіндегі көліктердің үлесі жаңа автокөліктер нарығында сәйкесінше 26,2% немесе 18 мың 679 көлікті және 10,7% немесе 7 мың 640 техника бірлігін құраған. Қытай экономикасының қазіргі ахуалы әлем үшін маңызды. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Қытай экономикасы әлемдік экономикаға қаншалықты ықпалы ететіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлттық банк басшысының айтуынша, Қазақстанның Еуроодақ, Ресей, Қытай сияқты 3 ірі серіктесі бар. Олар Қазақстан тауары, шикізаты сатылатын негізгі нарықтар болып табылады. Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 380,65 теңгеге сатып алуға болады.

24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521