Елбасының алғыс хатын табыс етті

(1 Vote)

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалында биылғы жылы 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында белсенділік танытқандарды Елбасымыз, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Шарада аудан әкімі Қайрат Талапұлы сөйлеп:

–Жыл басында өткен науқанда осында отырған ағаларымыз, жастарымыз белсенділік танытты. Соған орай сіздерді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаттарына ұсынғанбыз. Аудандық мәслихатта 13 квота бар болса сайлау нәтижесімен оның 11-ін «Nur Otan» партиясы иеленді. Қалған екеуіне «Ауыл» және «Ақ жол» партияларынан депутаттар сайланды. Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес жастар 20, әйелдер 30 пайыз болуы керек деген мәселе қойылды. Ол өткен сайлауда ескерілді. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді», дегендей осында отырған ағаларымыз бір кісідей келіп, қоғамдық жұмысқа қатысып, өздерінің ақылдарын айтты. Соның нәтижесінде науқан өз дәрежесінде өтті деп ойлаймын, - деді.

elbasy-marapat3

elbasy-marapat2


Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев сайлауға дайындық пен оның өтуі жайлы қысқаша мәлімет берді. Аудан әкімі Қайрат Нұртаев Елбасының Алғыс хатымен сайлауалды штаб мүшелері Өмірболат Есенғазиевті, Болат Жүгінісовті, Өмірзақ Қажымғалиевті, Рифхат Сұлтанияевті, Жанар Шамеденованы, Таңатар Дәреловті, Ғаділхан Қалиевті, Аманжан Такешевті, Қуандық Садиховты, Сағынжан Рахимовты, Сабыржан Сұлтановты, Жұмажан Шакуповті, Жұмақай Ғұмаровты, Есболат Құбашевты, Қанат Ғұмаровты, Ақынжан Хусайыновты, Тыныштық Меңдіғалиеваны, Салтанат Ниязованы, Данагүл Бисенбаеваны, Валерий Ниғыметовті, Аслан Байменовті, Ернар Боранғалиевті, Сағындық Мұратовты, Қуаныш Үмталиевті, Қамидолла Багеевті, Қайыржан Сейдалиевті марапаттады.

elbasy-marapat1

Қанат ЗАРЛЫХАНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521