Ел ырысын еселегендерге құрмет

(0 Votes)

«Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы ағымдағы жылды қорытындылауға арналған «Көркейіп, гүлдене бер, туған жерім» атты салтанатты жиын өткізді.

Төрт түлігін түлетіп, төскейін малға толтырған малшылар, егін егіп, нәпақасын жерден терген егіншілер, басқа да осы салаға қатысы барлар шараға арнайы шақырылды.

1d4a8392-4032-43b8-bba8-2927fcdf659c

0c516f84-e8c3-4c86-aba6-322b1c840b1d
Құрманғазы аудандық фермерлер
одағынатөрағалық ететін шаруа қожалығы жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Есболат Құбашев жиналғандарды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен, келе жатқан Жаңа жыл меркесімен құттықтады. Шаруагерлер қауымының жыл ішіндегі жетістіктерін саралап, сала ардагерлері Қыдырсиық Құсайыновқа, Төлеген Өтегеновке ҚР ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің «Құрметті ардагер» және шаруа қожалығы жетекшісі Төлеген Қайыржановқа ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық көсіптік одағының ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгілерін табыстады. Еселі еңбектерімен еленіп жүргендерді Алғыс хатымен ескеріп өтті.

b04898e5-db10-4c7e-ab49-20cdf4319512
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі
нің бас маманы Руслан Қабдешов бірқатар еңбек озаттарына аудан әкімінің және бөлім басшысының Алғыс хаттарымен марапаттады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев те құттықтау сөз алып, ел ырысын еселегендерді Алғыс хатпен ұлығылады.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT