Ел тірегі, ұлт мақтанышы

(0 Votes)

Тұңғыш Президент күніне орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Елімнің Көшбасшысы – Елбасым» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада лэд экран арқылы тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Онда ерлігі дастан Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды гүлдендірудегі еңбегі, ішкі-сыртқы саясаттағы көрегендігі, көшбасшылық қасиеті көпшілік назарына ұсынылды. Аудан әкімі Марат Мурзиев Елбасының тектілігі мен парасаттылығын, оның Тәуелсіздік жылдарында қандай тәуекелдерге барып, нәтижесінде жарқын жетістіктерге жеткенін айрықша атап өтіп, құрманғазылықтарды мәртебелі мерекемен құттықтады. Қызметтегі табыстары үшін түрлі сала мамандарына марапаттар табыстады.

ecec2ebb-55a4-46c7-94a6-97da189f4918

Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов Тұңғыш Президенттің ғаламат еңбегін тілге тиек етіп, аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатын сала үздіктеріне ұсынды.

9ecc65b1-f012-44ce-b668-2830332f1159

Салтанатты жиында аудан көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521