Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген қанатты сөзі бар.
Осы тұста, Әдеп Кодексін басшылыққа алып, беделін, мәртебесін түсірмеуді үнемі назардан тыс қалдырмайтын мемлекеттік қызметшінің қашан да абыройы асқақ болмақ. Өзінің лауазымдық жауапкершілігін түсініп, жұмысын жеке басының қамы үшін пайдаланбай, мемлекет ісіне адал болу - мемлекеттік қызметшінің басты парызы.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудағы кадр құрамын сапа жағынан жақсарту, іріктеу мен кәсіби дайындық әдістемелерін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту туралы нақты көрсетіген. Қоғамның қазіргі биліктен де күтетіні осы. Сондықтан ел игіліне еңбек ететін әр қызметші өз жұмысының маңыздылығын сезінуі тиіс.
Назым Ислямова,
Мақаш ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы