Ел дамуына бастар бағыттар

(0 Votes)

Кешегі өткен сайлау қазақстандықтардың басым бөлігінің белсене қатысуымен есте қалды. Осының өзі халқымыздың кезектен тыс Президент сайлауына  үлкен үміт артқанын білдіреді.

Себебі, онда жеңген үміткер халықтың мандатын алып, жеті жыл бойы мемлекетіміздің рөлін ұстайды. Нарық айдынының дауылы мен құз-жартастарына соқтырмай, айналадағы алып мемлекеттермен  қақтығыстырмай даму бағытына алып  өту үшін Қазақстан деген кемені басқара алатын көрегенді капитан қажеттігі айдан анық. Ондай тұлға ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың таңдалуы тегін емес. Бас болатын адамды көре  білетін халқымыз қателескен жоқ. Сол себепті  бұл үміткер 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті. Енді, 26 қарашада халықтың сенім мандатын алып, ұлықтаудан өтеді.   

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басына келгеннен бастап, қазіргі геосаяси жағдай оңып тұрмаған уақытта  Қазақстанды өркендеу жолына бастап келеді. Өзінің білімі мен біліктілігін, сыртқы және ішкі саясаттағы мол тәжірибесін Қазақстан халқының игілігіне жұмсауда. Оған мысал көп. Сайлауалды бағдарламасында да ең өзекті мәселелерді шешуді көтерді. Мысалы, ерекше қажеттіліктері бар жас кәсіпкерлерге қосымша грант бөліп көмек көрсетілетінін айтты. Жыл сайын жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары беріледі деді. Атырауға келген сапарында салынып жатырған жолдардың бақылауда ұсталатынын жеткізді. Көп векторлы  саясат ұстанатынын да естіп жатырмыз. Бұл да қазіргі санкциялар қолдануға көшкен заманда өзінің жемісін берері анық. Жалпы сайлау жеңімпазының бағдарламасын қарап отырып, мен де өз таңдауымды жасаған болатынмын. Ондағы аталған бағыттардың бәрі де елімізді дамуға бастайды. Енді соның жүзеге асуына Президентімізге көп болу қолдау көрсету қалып тұр. Өз таңдауын жасаған халық одан тартынбайтынына сенімдімін. Еліміз өркендеп, ризық-несібеміз арта берсін!

Ғаділхан Қалиев,
«Құрмет» орденінің иегері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика