Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің төріне айналған Алаш жұртының асқақ айбары – ару қаламызға 25 жыл. Осынау айтулы мерекеде Еңбекші ауылдық округінде “Ел айнасы-Елорда” атты мәдени салтанатты шара өткен болатын.
Шараны округ әкімі Жасқайрат Идаятұлы ашып беріп, тұрғындарды мерекемен қызу құттықтады.
Осы мереке қарсаңында әр салада тынбай еңбек етіп, округіміздің қайырымды істеріне қатысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созып жүрген ауыл тұрғындары - Бидоллаев Болат Ғинаятұлы, Адилов Руслан Мұстажапұлы, Әжғалиева Айғаным Шайхықызы, Шайхиев Какимжан Отарбайұлы, Қабдолов Темірболат Қайроллаұлы мен Бұрмашев Ербол Елтайұлын облыс әкімінің алғыс хатымен, Каушов Әділғали Ғинаятұлы мен Каушов Айдынғали Ғинаятұлын аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Сонымен қатар, Еңбекші ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділхан Қалиұлы мерекемен құттықтап, мерейлі жасқа толған ардагерлерімізді марапаттады. Одан әрі клуб өнерпаздарының жас қала Астана күніне арналған концерттік бағдарламалары жалғасын тапты. Осынау жалпы халықтық мерекемен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа зор денсаулық, береке-бірлік пен мол ырыс тілейміз!
Елордамызбен бірге еліміздің беделі артып, мәртебесі өсе берсін!
Еңбекші ауылдық округ әкімі аппараты