Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз.
Мемлекет басшысының жаңа Жолдауын тыңдай отырып, мемлекетіміздің алдағы даму жоспарынан тағы да жақсы хабардар болдық. Әлемдегі озық отыз елдің қатарынан көрінуді мақсат тұтқан еліміздің келешегінің қандайлығы біздің өмірімізден, жұмысымыздан айқын көрінеді.
Президентіміз халыққа Жолдауында еліміздегі ең өзекті экология мәселесін деп сырт айналып кеткен жоқ. Әсіресе ауа тазалығын сақтау үлкен маңызға ие екенін жеткізді. Мейлінше ластанған 10 қаланы орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшірген жөн екенін нақтылады. Бір қуантарлығы, биыл Батыс өңірлерін газбен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 700 млрд теңгені құрайтын үш ірі жоба бойынша жұмыс басталады. Бұл - Қашағандағы газ өңдеу зауытының және "Мақат-Солтүстік Кавказ" магистральдық газ құбырларының құрылысы және «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральды газ құбырын жаңғырту жұмысы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстарын ынталандыру мақсатында нақты шешімдер әзірлеуді міндеттеді. Биылғы жылы 120 канал қайта жаңғыртылмақ. Оған қоса жаңа 9 су қоймасын салу көзделуде.
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры да қайта жаңғыртудан өтпек. Нәтижесінде, алдағы 5 жыл ішінде халқымыз 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылатын болады. Сөз жоқ, Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі және соны жолы деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Елбасының бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына кәміл сенемін.
Асқар Ғұмаров, ардагер журналист, өлкетанушы