Үстел теннисі – әлемде кең тараған спорттық ойын.
Шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін бұл спорт түрімен балалар көптеп айналысады. Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде үстел теннисінен өткен жарыстарда олжа салып жүрген жас жеткіншектерді ұлығылау рәсімі өтті.
Талай додаларда тер төгіп екінші жасөспірімдік разрядты орындаған Муса Салауатов, Інжу Сұлтанбек, Айбар Жанұзақ, Бекзат Ғизатуллаев, Саян Сахманов, Бекарыс Ибрагим мен олардың ата-аналарын қабылдаған спорт мектебінің директоры Әдебиет Ердешов жас теннисшілерге табыс тілеп, Алғыс хатымен марапаттады Балаларды спорттық жарыстарға дайындайтын жаттықтырушы Марат Джанхановтың еселі еңбегін атап өтті.
Айбек ӘНУАРҰЛЫ